Жаңалықтар

«Мүгедек балаларды пайдаланған»: Перизат Қайратқа қатысты тың дерек шықты

«Мүгедек балаларды пайдаланған»: Перизат Қайратқа қатысты тың дерек шықты
Фото: instagram.com/01pk 21.02.2025 15:37 389

2025 жылдың 23 қаңтарында Перизат Қайратқа қатысты мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау алаяқтығы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік жауапкершілік пен қайырымдылық мәселесіне қатысты сұрақтарды алға шығарды.

2021 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Ақмола облысында "Батыр" қоғамдық бірлестігіне оңалту орталығын салу мақсатында қайырымдылық аукционын өткізген. Оның айтуынша, аукцион нәтижесінде 48 миллион теңге жиналып, құны 100 миллион теңге болатын ғимарат сыйға тартылған.

Тергеу барысында анықталғандай, аукцион кезінде шын мәнінде 22 миллион теңге ғана жиналған. Перизат Қайрат бұл қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Сонымен қатар, ол "Батыр" қоғамдық бірлестігі үшін құны 30 миллион теңге тұратын жер телімін сатып алғанын мәлімдегенімен, бұл участокты бірлестіктің өзі 2019 жылы сатып алғаны белгілі болды.

Перизат Қайрат берген мәліметтерге қарамастан, оңалту орталығының құрылысы әлі басталған жоқ. Сондай-ақ, орталыққа қажетті делінген ғимарат мүлдем жоқ болып шықты.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға