Жаңалықтар

Мүфтият 180 адамды қажылыққа апарамын деп алдаған «наиб имам» туралы мәлімдеме жасады

Мүфтият 180 адамды қажылыққа апарамын деп алдаған «наиб имам» туралы мәлімдеме жасады
Фото: Видеодан кадр 23.01.2025 11:53 186

БАҚ-та Ырыскелді Мейіржан есімді наиб имам 180 адамды қажылыққа апарамын деп алдап кеткені жайлы ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын компания азаматтарға 10 күндік қажылыққа уәде берген. Алайда адамдар өздерінің алданғандарын біліп, полицияға арыз берген. Ұйымдастырушылар бір тәулік уақыт берілсе, бәрінің ақшасын қайтарып береміз деген. Фирманың иесі – Мейіржан Рыскелдиев деген 2001 жылғы жігіт.

Алайда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы оның наиб имам екенін жоққа шығарды.

Ырыскелді Мейіржан Бауырұлы еліміздің бірнеше аймағынан жүзден аса азаматты умраға алып барамын деп ақша жинап, уәдесін орындай алмаған. Мейіржан Бауырұлы ешқандай діни қызмет атқармаған және мешітте наиб имам болып жұмыс істемейді, – деді Діни басқармасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға