Мотивация
Мотивацияның екі түрі бар: ішкі және сыртқы. Егер де ғалым қоршаған әлемнің құпиялары мен жұмыс істеу заңдылықтарын түсінгісі келіп зерттеу жасайтын болса, бұл ішкі мотивация. Фактілерді іздеу мен қоршаған ортаны түсіну өзара байланысты. Ал зерттеуді әлемдік танымалдылық үшін жасаса, онда бұл сыртқы мотивация. Себебі, әлемді түсіну мен танымал болу арасында өзара тікелей байлнаыс жоқ. Көбіне адамдар ішкі және сыртқы мотивацияға ие.
Қайсысы жақсы, ішкі ме, әлде сыртқы ма? Екеуінің де болуы сәттілік кілті ме? Әрине екі жақтан мотивациясы бар ғалым сәттілікке көбірек жетері анық. Біреуге қарағанда екеу жақсы. Бірақ шындығна келгенде олай емес екен. Йель университеті ғалымдары осындай қорытындыға келді. Зерттеу барысында сыртқы мотивация адамдар үшін кері әсер ететіндігін дәлелдеді. Жұмыс барысында АҚШ-тың Әскери академиясы Вест-Пойнттың 11 320 студент анкетасын зерттеп шыққан. Басты мақсат – академияға түсуге қандай мотивация ең негізгі болды. Сыртқы (жақсы айлық, мансап) және ішкі (әскери білім алу талпынысы, көшбасшы болу, әке жолымен жүру) мотивтер бірге қарастырылды. Мақсатқа жетудегі ішкі және сыртқы мотивацияны сұрақ қойып анықтауға болады: «Мынана басқа да жолмен алуға бола ма?».
Жылдар өткеннен кейін курсанттар өздерін қалай көрсетті? Алғашында болған мотивтерін ескере отырып, олардың қандай сәттілікке жеткені маңызды болды. Зерттеу барысында қызыты жайттар анықталды. Ішкі мотивациясы жоғары курсанттың оқуды сәтті аяқтап, офицер атану жиілігі жоғары болды. Ішкі мотивациясы болмаған азаматтар қызметті 5 жыл көлемінде тастап кетіп отырды. Сыртқы және ішкі мотивациялары бірдей мықты курсанттар басқаларға қарағанда мықты болмай шықты. Адам әрбір мақсатты орындаған сайын оның салдары болады. Олар жұмыстың нәтижесімен тікелей не жанама байланысты келеді. Сол секілді салдарлар ішкі және сыртқы бола алады. Мысалы, жақсы оқу ішкі сезім, бірақ бағалар сыртқы көрініс. Басқа адамдарды бағалаған кездес олардың мотивациясын дұрыс біле бермейміз. Себебі, мотивация түрі өзара тығыз байланыста болуы мүмкін.
Мүмкіншілік болғанша сыртқы мотивация ықпалын азайтып, ішкі мотивацияны арттырған жөн. Жұмыстың тек қаржылық емес, сонымен қатар жұмыстан алынатын ләззат та артады. Соныңда жұмыстың өнімділіг артады. Тек ақшамен мотивация беру дұрыс емес. Егер де адамдар да жұмыс арқылы өзінің маңыздылығын не басқа да психологиялық қажеттіліктерін өтей алатын болса, онда жұмысты істеуге деген құлшыныс артады. Әрдайым ішкі мотивацияны арттырып отыру керек.