"Московский комсомолец": Қазақстан «Қазақ Елі» деп аталуы мүмкін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің Қазақстан атын «Қазақ Елі» атауымен алмастырсақ деген пікір елімізде ғана шетелдік БАҚ тарда қызу талқыға түсті. «Вашингтон Пост» секілді әлемге беделді басылымдармен бірге көршілес елдердің басылымдары да бұл мәелеге бей-жай қарай алмады. Төменде ресейлік «Московский комсомолец» басылымының Қазақстан Президентінің идеясына байланысты жариялаған материалын аударып беріп отырмыз.
«El.kz» ӘЖ жаңалықтар қызметі
Назарбаев: Қазақстан «Қазақ Елі» деп аталуы мүмкін...
Жақында Қазақстан Республикасы мемлекет атауын қайта қарастыруы бек мүмкін, әлем картасында «Қазақ Елі» («Страна казахов») деген жаңа атау пайда болуы мүмкін. Бұндай бастаманы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерді.
|
Елдің батысындағы Атырау облысына сапары кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы «Орта Азияның көп елдерінің атындағы «стан» жалғау біздің еліміздің атауында да бар. Бүгінде шетелдік туристердің назары екі-ақ миллион халық тұратын Моңғолияға көбірек түседі. Тек елдің атауында «стан» жалғауының болмағаны үшін ғана. Сол үшін, болашақта ел атауын «Қазақ елі» деп өзгертетін болармыз. Әрине, мұны халықпен ақылдаса отырып шешетін боламыз.» деген ойын ортаға салды.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті елдегі қол жеткен табыстардың барлығын Қазақстандағы толеранттылық пен бірліктің арқасы деп атап көрсетті.
Жалпы, Қазақстанда ел атын ауыстыру идеясы бұрын да айтылып жүрген мәселе. 2011 жылы қазақстандық тарихшылар ел атын «Казакстан» деп атауды, яғни «азат адамдар елі» деп атауды ұсынды.
Ал, 2013 жылы бір қазақ блогері ел атауындағы «стан» сөзінен құтылу керектігін жазды. Жалпы, қазақтар «стан» сөзінен тез құтылуға тырысады. Себебі, елге туристер келмеуінің басты себептерінің бірі Қазақстан атауының Пәкістан, Ауғанстан сөздерімен ұқсас болуы деп ойлайды.
Қазақстан Президентінің игі бастамасынан соң ел атауына көптеген ұсыныстар түсті. Назарбаев ұсынған Қазақ Елі атауымен қоса Қазақия, Қазақ Ордасы атаулары да ұсынылып жатыр.
Тарихқа үңілсек, ХХ ғасырда Қазақстан мемлекетінің атауы бірнеше рет өзгерді. 1920 жылы Ресей құрамында Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік Респбуликасы (ол кезде қазақтар қырғыз-қайсақтар деп аталды) құрылды. Астанасы Орынбор қаласы болды. 1925 жылы сәуірде Қырғыз АКСР-і атауы Қазақ АКСР-і болып құрылып, астанасы Қызылордаға көшірілді. (1929 жылы Алматы қаласы астана болды). 1936 жылы Қазақ АКСР-і Ресей құрамынан бөлініп, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып болып аталды. Ал, 1991 жылдан бері Қазақстан Республикасы атауын алды
«МК» дерекқорынан: ӘЛЕМДЕ ҚАНДАЙ ЕЛДЕР АТТАРЫН АУЫСТЫРДЫ?
* КСРО құлаған кезде Қырғыз ССР-сы «Қырғызстан» (Қырғыз Республикасы). РФ СІМ ресми құжаттарында ел атауы «Қырғыз Республикасы» немесе «Қырғызия» (қысқарған түрі) болып қолданылады. Дәл осындай жүйемен бұрынғы кеңестік республикалар – Белоруссия (Беларусь) және Молдавия (Молдова) атауын өзгертті.
* Камбоджаның атауы да әлденеше рет өззгерген. 1970 жылы Камбоджа Королдігі Кхемер Республикасы атауын иеленді. Ал билік басына Пол Пото келген жылдары ел «Демократиялық Кампучия» аталды. Ал, «полпотом» жүйесінен кейін ел Кампучия Халық республикасы атанды. 1989-1993 жалдары «Камбоджа Мемлекеті» аталды да, қайтадан Камбоджа Королдігі атанды.
* Батысафрикалық Дагомея мен Жоғарғы Вольта сәйкесінше Бенин (1975) және Буркина Фасо (1984 ) атала бастады. 1986 жылы Піл Сүйегі Жағалауы француз тіліндегі Кот-д'Ивуар атауын иеленді, ал, Жасыл Мүйіс республикасы португал тіліндегі Кабо-Верде атауын алды.
* 1930 жылдары Сиам Королдігі Таиланд атала бастады. Қазір тайлықтар өз елдерін «Пратхет Тхай» деп атайды.
* 1935 жылдан бастап Парсы монархы Реза Шах әлемдік қауымдастықтан өз елін Иран деп атауды сұрады.