Morgan Stanley банкі 3 мыңға жуық қызметкерін қысқартады
Фото: ©AP/Mark LENNIHAN
Фото: ©AP/Mark LENNIHAN
03.05.2023 08:20
600
Америкалық Morgan Stanley банкі маусым айының соңына дейін 3 мыңға жуық қызметкерін жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл дегеніміз банк 5 пайыз қызметкерін қысқартады деген сөз. Жұмыстан қуылатындардың басым бөлігі инвестициялық банк бөлімшесі мен бағалы қағаздар бөлімінің қызметкерлері.
Осылайша Morgan Stanley жарты жылда екінші рет жұмыс орындарының санын қысқартып отыр.
Бірақ компанияның өзі бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартты.
1935 жылы құрылған Morgan Stanley банкі – ең көне қаржы корпорацияларының бірі. Әлемнің 40-тан астам елінде жұмыс істейтін банк қызметінің негізгі бағыттарының бірі – активтерді сенімгерлік басқару.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жансая Әбдімәлік күйеуімен қалай танысқанын айтты