Қазақстанда 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтердің жүруіне тыйым салынады
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
20.01.2025 09:28
203
2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz көлік құралы ретінде пайдалану үшін қандай шаралар қолдану керектігін еске салды:
- полицияда тіркелу;
- А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;
- техникалық тексеру;
- азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет болады.
Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет:
- жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін);
- мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.
- Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.
5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз, – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісуда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Келесі жаңалық
Астанада 6700-ден астам жарнамалық маңдайша алынып тасталды