Мопед ресми түрде көлікке теңестіріледі: астаналықтар нені білуі керек
![Мопед ресми түрде көлікке теңестіріледі: астаналықтар нені білуі керек Мопед ресми түрде көлікке теңестіріледі: астаналықтар нені білуі керек](/storage/storage/element/2025/02/07/mainphoto/141583/1200xauto_8qeJ8IdIj20of52tTDbnfEMSCFXbB7ukpk4nBGKk.jpg)
Биыл 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көлік болып саналады. Сондықтан оларды пайдалану үшін бірқатар құжат болуы қажет, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді пайдалану үшін полицияда тіркелу, А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық байқаудан өту және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру полисі қажет болады.
Тіркелу үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына мынадай құжаттармен жүгіну қажет: жеке куәлік (электронды түрі де болады), техникалық құжаттама немесе мопедтің техникалық сипаттамасы.
Осыдан кейін өтініш толтырып, мопедті тексеруден өткізген соң қажетті мемлекеттік бажды төлеу керек.
2025 жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедтерді жүргізуге және A1, A немесе B санаттары бойынша жүргізуші куәлігінсіз жүруге болмайды.
Мұндай қиындықтарға тап болмас үшін мопедіңізді алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алу қажет.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)