Жаңалықтар

Moody's: Қазақстанның дербес несиелік рейтингі жақсарды

Moody's: Қазақстанның дербес несиелік рейтингі жақсарды
Фото: t.me/KZgovernment 27.10.2023 15:38 628

Moody's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның дербес несиелік рейтингін «Baa2» деңгейінде растай отырып, рейтинг болжамын «Тұрақты» деңгейден «Позитивтіге» дейін жақсартты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Агенттіктің болжамды жақсартуы ел экономикасын әртараптандыру, инвестициялар тарту және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталып жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалағанын білдіреді.

Сарапшылардың пікірінше, экономикалық күйзелістерге төзімділіктің артуы Қазақстанның экономикалық дамуының тұрақтанғанын және перспективаларының жақсарғанын көрсетеді.

Рейтингті растау орнықты мемлекеттік баланспен, төмен борыштық жүктемеге және шетел валютасындағы елеулі резервтерге негізделген.✅Moody's: Қазақстанның дербес несиелік рейтингі жақсарды

Агенттіктің мәліметінше, шикізаттық емес секторларға инвестицияның айтарлықтай артуы қазіргі сыртқы ортада экономиканы әртараптандыруға серпіннің артып келе жатқанын көрсетед

Сонымен қатар Moody's Қытай мен ЕО арасындағы баламалы сауда жолы ретінде маңыздылығы артып келе жатқан Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында Қазақстан үшін көлік-логистикалық хаб ретінде жаңа мүмкіндіктер туындап отырғанын атап көрсеткен.

Жалпы, Moody's сарапшылары Қазақстан үшін қолайлы экономикалық перспективаларды болжап отыр.

Болжамды «Позитивтіге» өзгерту – алдағы уақытта ағымдағы динамиканы сақтай отырып, ҚР-дың дербес несиелік рейтингін көтеру ықтималдығының белгісі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға