Моңғолиядағы Қазақ радиосына тосын сый жасалды

Қазақ радиосының тікелей эфиріндегі «Наурыз - 2023» Халықаралық радиокөпір аясында Моңғолияның Қазақ радиосын техникалық жаңалау үшін демеушілер есебінен көмек көрсетілді және Алтын қордан жыр-териелер мен танымдық хабарлар жинағы табысталды. Бұл туралы «Қазақ радиолары» ЖШС Бас редакторы — «Қазақ радиосы» радиоарнасының директоры Дулат Абибуллаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Жуырда Баян-Өлгейлік қандастарымыз радиоарнаны техникалық жаңалауға қол ұшын созу туралы көмек сұраған хаты "Отандастар қоры" мен Қазақ радиосына жолданған, бүгін радиомарафон аясында демеушілер есебінен Баян-Өлгейлік әріптестерге көмек көрсетілетіні айтылды. Моңғолиядағы Қазақ радиосы шетелдегі қазақ тілінде ақпарат тарататын ең үлкен БАҚ,-деп жаһды радиоарна басшысы Дулат Абибуллаев.
Естеріңізге салсақ, Моңғолиядағы қазақтардың 95 пайызы Баян-Өлгей аймағында тұрады және олардың саны 120 мыңға жуықтайды.
«Қандастар үшін ұлттық руханияттың бірден-бір көзі осы Қазақ радиосы. Наурыз игі істердің нышаны бастауы» - делінген радио директорының желідегі жазбасында.
Айта кететін жайт, Баян-Өлгей аймақтық Қазақ радиосының директоры лауазымын Оспан Нәбиұлы атқарады.
