Моңғолияда 60 тонна газ жарылды

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
24.01.2024 10:03
1117
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда 60 тонна газ тасымалдаған жүк көлігі жарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер бар.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, жарылыстан жүк көлігі 30-40 метр қашықтыққа ұшып кеткен.
Өрттен бес адам қайтыс болды, олардың үшеуі жедел қызмет өкілдері, тағы екеуі тұрғын.
Сонымен қатар 20 көлік өртенген.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Үш баласы бар астаналық келіншек үшем дүниеге әкелді
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы