Жаңалықтар

Моңғолия президенті қоғамдық тыңдау өткізуге шақырды

Билік жауап ретінде демонстранттармен диалог жүргізу үшін жұмыс тобын құрды
Моңғолия президенті қоғамдық тыңдау өткізуге шақырды
Фото: wikimedia 06.12.2022 17:43 1670

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурелсух Моңғолия парламентінде көмір экспортының жағдайы туралы қоғамдық тыңдау өткізудің және ел азаматтарын ашық хабардар етудің маңызын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 

"Моңғолияның мемлекеттік Ұлы Хуралында көмір мәселесіне қатысты қоғамдық тыңдаулар өткізіп, халықты ашық хабардар ету маңызды", - деді Ухнаагийн Хурелсух

Сонымен қатар ол қазіргі жағдайға объективті баға беру қажет деп есептейді.

4 желтоқсанда Улан-Баторда басталған наразылыққа көмірдің Қытайға кедендік бақылауды айналып өтіп экспортталуы себеп болған. Олардың арасында шерушілердің айтуынша, жоғары лауазымды саясаткерлер болуы мүмкін.

5 желтоқсан күні митингке шыққандар қайтадан жиналып, қаланың бас алаңына апаратын орталық жолдарды жауып тастамақ болды. Шерушілер орталық алаңда салынып жатқан мұз қалашығы маңында орнатылған сабан шыршаны өртеп, үкімет үйіне баса-көктеп кірді.

Билік жауап ретінде демонстранттармен диалог жүргізу үшін жұмыс тобын құрды. Оны Моңғолия үкіметі хатшылығының басшысы және билеуші ​​​​Моңғол халық партиясының жетекшісі Дашзегвийн Амарбаясгалан басқарды.

5 желтоқсанда парламенттің шұғыл отырысы да өтіп, онда елордада төтенше жағдай енгізу мәселесі талқыланды. Алайда адамдар үкімет үйінің аумағынан бейбіт түрде кеткеннен кейін төтенше жағдай енгізу мәселесін қарау тоқтатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға