Жаңалықтар

Монета қабылдамайтын сатушыларға ескерту жасалды

Монета қабылдамайтын сатушыларға ескерту жасалды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 17.05.2023 17:00 790

Қазақстан Ұлттық банкі ұсақ номиналды (1, 2, 5 теңгелік) циркуляциялық монеталарды төлем құралы ретінде қабылдаудан бас тарту фактілеріне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық банктегілер монеталар циркуляциялық (халық күнделікті есеп айырысуда пайдаланады), коллекциялық және инвестициялық болып бөлінетінін еске салды.

Ұлттық банктің циркуляциялық монеталарын сату және сатып алу олардың белгіленген құнына қарай жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналысындағы циркуляциялық монеталардың мынадай номиналдары пайдаланылады: 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100, 200 теңге, - делінген хабарламада.

Олар заңды төлем құралы болып табылады. Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ, банктік шоттарға есептеу және аудару үшін олардың белгіленген құны бойынша қабылдануға міндетті. Барлық банктер мен Ұлттық пошта операторы («Қазпошта» АҚ) шексіз көлемде ұсақтайды және айырбастайды.

Ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнымен қабылдаудан бас тарту – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 206-бабында көзделген әкімшілік жауапқа әкеп соғады, -делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға