Жаңалықтар

Мөлдір Жаңбырбай  Каирдегі турнир чемпионы атанды

Мөлдір Жаңбырбай  Каирдегі турнир чемпионы атанды
Фото: instagram.com/kaz_karateofficial 21.04.2025 04:24 339

Мысыр астанасы Каирде жылдың үшінші Премьер-лига бәсекесі аяқталды. Турнирде отандасымыз Мөлдір Жаңбырбай чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Осылайша отандық спортшымыз қатарынан жылдың үшінші Премьер-лига бәсекесінде жүлде алып отыр. Жүлделі екінші орын Фрнация спортшысына, үшінші орын қытайлық саңлаққа бұйырды. 

Айта кетейік, Каир Премьер-лигасында ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс медаль түсті. Мөлдір Жаңбырбай 50 кг дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ. Ал Әсел Қанай (-61 кг) ақтық сында Украина спортшысынан жеңіліп қалды. 
Сондай-ақ осы кеште Айжан Бәкірова (-61 кг), Софья Берульцева (+68 кг) мен Диас Анарбеков (+84 кг) қола медаль үшін айқасты. Алайда спортшыларымыз соңғы сәтте жүлдеге бір табан жетпей тоқтады.

Жылдың шешуші Премьер-лига бәсекесі мамырдың аяғында Марокконың Рабат қаласында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға