Жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова мен Дина Төлепберген эфир кезінде ұрсып қалды

Мөлдір Әуелбекова мен Дина Төлепберген эфир кезінде ұрсып қалды
Фото: видеодан алынған кадр 08.11.2024 11:12 409

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова тікелей эфирде қойылған орынсыз сұрағы үшін тележүргізуші Дина Төлепбергенмен сөзге келіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі эфир кезінде ашуға булығып, БАҚ өкілінің сұрақтарына жауап беруден бас тартқан.

"Астарлы ақиқатқа" қайта оралғанын хабарлаған Дина Төлепберген Instagram-дағы парақшасында бағдарламаның анонсын жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. 

Ел білетін, бастысы сен білетін шындықты неге айтпасқа? Бұл басқаларға өнеге болуы мүмкін, - деп сұрайды Дина Төлепберген.

Тележүргізушінің бұлай сұрауына Мөлдір Әуелбекова ренжіп қалады.

Дина ханым, біз келістік қой, бағдарламаға келетін кезде осы сұрақты қоймаймыз дедік. Сіз маған уәде еттіңіз ғой. Мына жерде қаншама көрермен отыр, осы сұрақты не үшін қойып отырсыз. Жеке сөйлестік қой. Болды, қажет емес. Өшіріңіздер болды. Мен жауап бермеймін, - деп Мөлдір Әуелбекова кеудесіне ілінген микрофонды алып тастайды.

Желі қолданушылары бұл үзіндіні қызу талқылап, эстрада жұлдызы мен тележүргізушінің жанжалдасып қалуына не себеп болғанын біле алмай әлек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға