Жаңалықтар

Мобильді аударымдарды тексеру не үшін қажет? Қаржы вице-министрі жауап берді

Мобильді аударымдарды тексеру не үшін қажет? Қаржы вице-министрі жауап берді
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 09.01.2024 15:14 1306

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді аударымдарды тексеру не үшін қажет екеніндігіне тоқталды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомства басшысы қазіргі таңда жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңі басталғанын және кезең бойынша барлық жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары декларация тапсыратынын айтты.

Бұл кіріс декларациясы деп аталады. Барлық активтер бойынша осы декларацияны қабылдаймыз. Декларацияның қабылдау мерзімі 15 қыркүйекке дейін болады. Жалпыға бірдей декларацияны енгізген кезде біз заңнама бойынша басқа да міндеттерді қойдық. Декларацияға кірген азаматтардың барлық төлемдерінің айналымдарына қатысты мағлұмат алу. Қазіргі таңда мобильді аударымдарды көп азаматтар, соның ішінде жеке кәсіпкерлер көп қолданады. Бірақ түбіртекті бермейді. Салық төленбейді. Тұтынушылардың құқықтары қорғалмайды. Сол себепті, биыл жеке кәсіпкерлер декларацияны тапсырғаннан кейін 2025 жылы банктерден осы кәсіпкерлер бойынша мағлұмат аламыз, – деді вице-министр Ержан Біржанов.

Қаржы вице-министрінің айтуынша, белгілі бір критерийлері бойынша үш ай қатарынан 100 төлем әртүрлі азаматтардан түссе ғана тексеріске алады.

Еске сала кетейік, биылдан бастап мобильді аударымдар қатаң тексерілетіні айтылған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға