Жаңалықтар

Моңғолиядағы қазақ палуанына мемлекеттік піл дәрежеcі берілді

Серік Бердімұратұлы 2017 жылы мемлекеттік лашын дәрежелі палуан атанған болатын.
Моңғолиядағы қазақ палуанына мемлекеттік піл дәрежеcі берілді
13.07.2022 01:50 1529
Ғұн империясының 2230, 2231 жылдығы, Моңғол империясы орнауының 815, 816 жылдығы, Ұлт азаттық қозғалысының 110, 111 жылдығы және Халық революциясының 99 жылдығына орай Моңғолияның Ұлттық мерекесі ұйымдастырылды. Халық революциясының 100, 101 жылдығы Моңғолияның Ұлттық мерекесіне арналған күрес сайысы аяқталды, деп хабарлады El.kz kaznews.mn сайтына сілтеме жасап.

Баян-Өлгий аймағының тумасы Мемлекеттік начин (қаз. лашын) Серік Бердімұратұлы күрестің 7 кезеңінде мемлекеттік заан Доржийн Анарды жығып, мемлекеттік «заан» яғни мемлекеттік піл дәрежелі палуан атағына ие болды.

Серік Бердімұратұлы жасыл алаңда Э.Сумьяабат (6 кезең), Ц.Төмөрцоож (5 кезең), П.Даваадорж (4 кезең), Ш.Чинтулга (3 кезең), Б.Өлзийсайхан (2 кезең), Э.Дашзэвэг (1 кезең) қатарлы пауландарды айқын басымдықпен ұтты. 

8 кезеңде мемлекеттік аварга (қаз. чемпион) дәрежелі палуан Намсрайжав Батсуурьдан ұтылып қалды.

Естеріңізге салсақ, Серік Бердімұратұлы 1994 жылы туған. Салмағы 110 келі. 2011 жылы аймақтық піл дәрежелі палуан, 2013 жылы аймақтық арыстан дәрежелі палуан, 2017 жылы мемлекеттік лашын дәрежелі палуан атанған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға