Жаңалықтар

ММА турнирінен соң 16 жастағы спортшы көз жұмды

ММА турнирінен соң 16 жастағы спортшы көз жұмды
Фото: El.kz 05.06.2023 14:41 764

Ресейдің Белогорск қаласында (Амур облысы) аралас жекпе-жек турнирі кезінде 16 жастағы спортшы басынан соққы алып, кейін ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға ММА федерациясының аймақтық филиалы ұйымдастырған ашық кубок кезінде болды. Жекпе-жектің бірінде жас спортшы басынан соққы алып, біраз уақыттан кейін жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, спортшылардың турнирге қатысуы үшін барлық заңды рәсім сақталған, ата-аналарының да рұқсаты бар екен. Кубокты өткізу туралы ережеге сәйкес, 16-17 жас аралығындағы қатысушылар ашық типтегі бокс шлемдерін киіп өнер көрсетуі керек. Дегенмен түсініксіз себептермен жарыстың бас төрешісі оны алып тастау туралы шешім қабылдаған.

Богдан Пушкарев көп балалы отбасынан шыққан. Жергілікті басылымның мәліметінше, ол колледжде оқыған. Ал оның жекпе-жекпен айналысып жүргеніне бір жылға жуықтаған. Бұл турнирде ол жаңадан келген спортшы ретінде өнер көрсеткен. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға