ММА-ден әлем чемпионы құтқарушы болып жұмысқа орналасты
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
26.09.2024 21:32
433
Танымал қазақстандық спортшы Санжар Әділов Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментіне жұмысқа орналасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Санжар Әділов – ММА бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жауынгерлік самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ММА бойынша әлем чемпионы және Alash Pride кәсіби лигасының қазіргі чемпионы. Ол өз өмірін халқымызды қорғауға арнап, азаматтық қорғау органдарының қызметіне кірісті.
Санжар Әділов азаматтық қорғау органдарында өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын әлемдік аренадағы спорттық жарыстарға қатысады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылордада күріштің өнімділігі 52 ц/га-дан асты
Келесі жаңалық
Ыстамбұл әуежайында Wi-Fi тегін болады