МКК мемлекеттік сектор қызметкерлеріне фишингтік шабуыл жасалғанын хабарлады

2024 жылғы 23 шілдеде мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің электрондық поштасына фишингтік хат келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, хат info@e-salyq-azamat.kz мекенжайынан келетіні және «жалпыға бірдей міндетті декларациялау» тақырыбымен банктік шоттардың кірістерін, төлем қабілеттілігін және пайдалануларын декларациялау, сондай-ақ дербес коэффициенттерді беру жөніндегі заңнамадағы өзгерістер туралы баяндалған.
Сонымен қатар көрсетілген сілтемелер арқылы өтіп сауалнаманы толтыру ұсынылады. Сондай-ақ хат қосымшасында парольмен бірге нұсқаулық файлы қоса жіберілген және оны интернеттегі веб-сайттан жүктеуге болатындығы туралы ақпарат көрсетілген.
МКК «фишингтік» шабуылдың белгілерін анықтап, осыған байланысты барлық пайдаланушыларға осы хатты ашпауға, көрсетілген сілтемелер бойынша өтпеуге және кірістірілген файлдарды жүктемеуге кеңес береміз, - делінген мәліметте.
Комитет жалпыға бірдей декларациялау туралы сенімді ақпарат ресми сайтта орналастырылғандығын алға тартты.
