Жаңалықтар

Мирзиёев Қарақалпақстанға қатысты мәлімдеме жасады

Мирзиёев Қарақалпақстанға қатысты мәлімдеме жасады
03.07.2022 00:33 1296

Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстандағы толқыған халықты сабырға шақыру үшін Нүкіс қаласына барды, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ресми мәліметке сәйкес, Өзбекстан конституциясындағы 70, 71, 72, 74 және 75-бап редакциялары өзгертілмейтін болды. 

Қарақалпақстан Республикасының егемендік мәртебесі және қалаған уақытында референдум арқылы Өзбекстан құрамынан шығу мүмкіндігі сақталады. Шавкат Мирзиёев осы мақсатта жергілікті Жоғарғы кеңес депутаттары, ақсақалдар және актив өкілдерімен кездесу өткізіп жатыр. 

Ата заңға енгізілетін түзетулер әлі талқылану үстінде. Өзгерістер соның нәтижесінде қабылданады, - делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға