Жаңалықтар

Міржақып Дулатовтың өмірлік ұстанымдары

Сәулесi жарық жолға ұмтылсам – ұлтыммен қосыла ұмтылып бағамын.
Міржақып Дулатовтың өмірлік ұстанымдары
31.05.2017 11:25 14797

«Арғы атам ер түрік,
Біз қазақ еліміз.
Ат мінсек ерленіп,
Дуылдап шабамыз.
Лап десек, ерленіп,
Лапылдап жанамыз!…»
Көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі, «ұйықтап жатқан халықты оятуға тырысқан» Міржақып Дулатовтың шығармаларынан нақыл сөздері мен ұстанымдарын назарларыңызға ұсынамыз.


Ғұмыр болса, дәм жазса – ұлтымның келешегi үшiн күш-жiгерiмдi аямай еңбектене беруге борыштымын.

Жігіттің несі жігіт босқа жүрген, Қызметпен пайда беріп халыққа жақпай.

Бас қосып киргиз интеллигент, Біздерге халықтың қамын ойлау міндет.

Адамның алдымен адам сипаты болуға тиіс.

Мендағы жылағанның бірі екенмін,
Қайғырып соларды ойлап жүр екенмін..
Аямай қаны бірге қастық қылып,
Шыға алмай бір тұйықта тұр екенмін.
Сүйіскен, сөз беріскен замандастан
Қаншасы хал біліскен, амандасқан?
Сырт берген, қол сілтеген, көбі ұмытқан,
Мен міскін бұларды ойлап қиял басқан.

Айту – бізден, істеу – сізден.

Көздеген оқ, сермеген қылыш болса да, Тәуекел деп қасқайып көзді жұмарым.

Ақиқат жеңер жалғанды.

Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма?! Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс.

Педагогия тәртібімен оқытсаңдар, Қазағым, кетер едің сонда алға.

Азаттық, ағайындық, теңдік сұрау. 
Тайсалмай дұрыстыққа жанды қисаң,
Борышы адамдықтың сонда тұр-ау...

Білгіштерді жанай жүру әдетім, 
Үміт етіп жақсылықтың жұғарын
Кете алмаймын аса сілтеп, еркінсіп,
Мін тағуға халықтың біліп сынарын
Күзетуде кірпік қақпай әуремін,
Хақ пен нахақ - қайсысы жеңіп шығарым.

Кім үшін тусам, сол үшін өлу борышым,

Мен де жаңа білдім енді.. Ар намыстың қымбатын...

Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, 
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі —  
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!

Мен не болсам, болайын саған садақа, 
Сүйікті жұртым, қақпанға түсіп алданба
Сырты тұнық, іші лай жауын бар –
Жаны ашитын жақын сол деп малданба.
Жұрттығыңды жоғалтпай әлден, басың қос,
Озу қиын көмбе жерге барғанда.
Бола берме, жазған қазақ, жасқаншақ,

Жалыны ыстық жас ғұмырым шыдатпай,
Теріс істі пәк ұжданым ұнатпай.
Тоқтай алмай басым тасқа жеткенше,
Қарсы шауып қайралған өткір болаттай.

Халық тағдыры – карта ойыны емес.

Жылы жүзбен мойнын бұрса, елім-ай?
Сол күніңді көрсем - менің арманым,
Жоқтамас ем өзге тілек қалғанын.
Сұм жүрегім селк етпейді жалғаның
Бұл мінезің бойда тұрса, елім-ай!

Болайын сүйінші: жұлдызы жанып бақыттың,
Сен көркейді деп естісе құлағым.
Азуды қайрап, бармақты шайнап өтті күн,
Ғылымды іздер, алысты көздер жетті күн.
Ақсақал артқа, жастар тартса салтқа.
Әперер жұртқа кекті кім?

Қызығы бұл жалғанның – мал менен бас.

Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан:
Еш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.
Қой бағып қасқыр қашан опа қылған,
Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес.
Қайраған қолдан келмес іске әуре боп,
Қорлыққа, тілімді алсаң, болма кездес!

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас- ты.

Өзің білгеніңді халқыңа үйрет.

Халыққа қызмет етемін деген кісіге бәрі бір: депутат бол, газет шығар..

Қазақ ұлтын өз бетiнше өмiр сүрсiн.

Адассам – халқыммен бiрге адастым, сәулесi жарық жолға ұмтылсам – ұлтыммен қосыла ұмтылып бағамын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға