Жаңалықтар

Өмір заңы: Габриэль Гарсиа Маркес

Әйелдер әлемді билейтініне шүбәм жоқ.
18.04.2014 04:50 6494

Габриэль Гарсиа Маркес – әдебиеттен Нобель сыйлығының лауреаты. 2014 жылдың 17 сәуір күні Мехико қаласында  87 жасқа келіп қайтыс болды.

Өмір заңы: Габриэль Гарсиа Маркес

  • Мен әрдайым опера жазуды армандайтынмын.  Істеген істері үшін ғана өзгелердің оларды жақсы көруін қалайтын мен сиякты адамдар үшін, опера романнан да артығырақ. 
  • Бізге тастай болып қатқан тілдің тағдырымен алысуға тура келеді. «Халық», «демократия» іспеттес сөздер мағыналарын жоғалта бастады. Сайлау ұйымдастыра алған кез келген адам өзін демократпын деп есептей бастады.
  • Мен ертегі жазуға тырыстым, бірақ  еш нәтиже шыға қаймады. Балаларыма жазған ертегілерімнің бірін көрсеттім. Олар: «Әке, сіз балаларды осыншалық ақымақ деп ойлайсыз ба?» деп қайтарып берді.
  • Әрдайым жағымсыз тосын сыйлардың алдын алуға тырысамын.
  • Жас, желөкпе кезімде мен жезөкшелермен көп қыдырдым. Мен оларға тек секс үшін емес, жалғыздықтан қашу үшін де бардым. Үнемі атйп отырамын, мен таңғы асты жалғыз ішпеу үшін ғана үйлендім депJ Ал, мұны Мерседес естіген сайын «оңбаған Габриэль» деп күледіJ
  • АҚШ Латын Америкасына қомақты қаражатты инвестициялайды, дегенмен біз бір тиын шығармай  істеген іс олардың қолынан келмеді. Біз олардың тілін, музыкасын, тамағын, махаббатын, ойларын өзгерте аламыз. Құрама Штаттары бізге қалай әсер еткілері келсе, біз де оларға солай әсер етеміз.
  • ЖИТС махаббатқа тек тәуекелділік үстейді. Махаббат әр кезде қатерлі саналған, ол өзі-ақ – өмірге қауіпті ауру.
  • Менің жұбайым және екі ұлым болған.  Мен пиар-менеджер болып қызмет атқардым, киносценарийлерді редакцияладым. Бірақ, кітап жазу үшін жұмыстан бас тартуға тура келді. Мен машинамды кепілге қойып, ақшасын әйелім Мерседеске бердім. Ол менің жұмысыма қажетті қағаздарды, темекімді, тамағымды әкеліп тұрды.  Кітапты жазып бітіргенімде ет сатқышқа 5000 песо қарыз болғанымды білдім, ол біз үшін өте қомақты қаржы болатын.  Мені өте маңызды кітап жазып жатыр деген өсек жан-жаққа тарай бастады, сондықтан дүкеншілердің барлығы менің жұмысыма қатысуды қалады.  Кітаптың мәтінін баспаға беру үшін 160 песо қажет болды, ал менде бар-жоғы 80 песо қалды. Тығырықтан шығу үшін Мерседестің миксері мен фенін өткізіп жібердім.
  • Кез келген іске әйел заты араласса, мен оның нәтижелі болатынын білемін. Әйелдер әлемді билейтініне шүбәм жоқ.
  • Әйелдер тек жасаған опазыдықты кешіре алмайды. Егер ойын ережесін басынан ұйымдастыратын болсаңыз, әйелдер оны еріксіз қабылдайды. Алайда, ойын барысында ереженің өзгергенін жандары сүймейді.
  • Бірде мен Кубада әдебиет зерттеуші профессорлармен келіспей қалдым. Олар айтады: «Жүз жылдық жалғыздық» тамаша кітап, алайда, ол ешқандай шешім ұсынбайды» дейді. Мен қатты таңғалдым. Мен тек баяндаймын, шешім ұсыну жайлы ойлап көрмеппінJ
  • Мен жазушы болмасам, барда диджей болар ем. Ғашық жандарды одан әрмен ынтықтыра түсуге тырысар ем...
  • Мені жазуым үшін ғана құрметтегенін қалаймын. Қорқамын да... Ал егер, мені біреу шығармашылығым үшін сүймейтін болса, құрығанда сұхбаттарым үшін ұнатса екенJ 
  • Ең үлкен бақытсыздықтың артында көл-көсір береке барына сеніңіз. Себебі, біз сол арқылы өткенде осыған жете аламыз...

 esquire.ru

Ел Тұтқа

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға