Жаңалықтар

Министрліктер үйінің маңында ер адамды көлік қағып кетті

Министрліктер үйінің маңында ер адамды көлік қағып кетті
Фото: Видеодан алынған кадр 25.04.2025 09:57 346

Астанадағы Министрліктер үйінің маңында жол апаты болды. Жолдан өтіп бара жатқан ер адамды көлік қағып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған. Кадрдан адамның шалқасынан жатқанын көруге болады.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем қызметі аттанған. Зардап шеккен адамның жағдайы әзірге белгісіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға