Жаңалықтар

Министрлік жүк көлігінің жүргізушілеріне ескерту жасады

Министрлік жүк көлігінің жүргізушілеріне ескерту жасады
Фото: ©El.kz 19.03.2025 23:13 139

Көлік министрлігі автокөлік құралдары мен жүк тасымалдаудың негізгі ережелерін еске салады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

- Мемлекеттік нөмірсіз автокөлік құралдарын басқаруға заңмен тыйым салынған.

- Көліктік бақылау инспекторларының заңды талаптарын орындамау қатаң жазаға әкеп соғады.

- Жол қозғалысы ережелерін ғана қатаң түрде сақтап қоймай, сонымен қатар жұмыс уақыты мен демалыс режимін де сақтау қажет.

- Автокөлік құралдарының белгіленген салмақтық параметрлерінен асатын жүктерді тасымалдауға тыйым салынады. Аталған нормаларды бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Осылайша, автокөлік құралдарының рұқсат етілген массасы төменде келтірілген нормадан (тоннамен) аспауы тиіс:

  • үш осьті (М3 санатындағы буынды автобустарды қоспағанда) – 25 тонна;
  • төрт осьті, оның ішінде екі басқарылатын осі бар – 32 тонна;
  • бес осьті – 38 тонна;
  • алты немесе одан да көп осьтері бар – 44 тонна.

Елордалық Қызылжар бекетінде мемлекеттік нөмірсіз жүк автокөлік құралын басқару дерегі тіркелді. Сондай-ақ жүргізуші көліктік бақылау инспекторының автокөлік құралын тоқтату туралы талабын елемеген. Нәтижесінде жүргізуші жауапқа тартылып, үш тәулікке қамауға алынды. Одан басқа, жоғарыда сөз етілген тасымалдаушыға 50 тоннадан астам жүк тиегені үшін, сонымен қатар арнайы тауар-көліктік жүкқұжатының және жол парағының болмауы үшін 2 млн тг жуық айыппұл салынды, – деп мәлімдеді Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға