Жаңалықтар

Министрлік жекенің қолына өтіп кеткен мектептерді тексереді

Министрлік жекенің қолына өтіп кеткен мектептерді тексереді
Фото: ©El.kz/Миражан МАХАН 06.06.2023 11:51 1088

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы облысындағы 15 млн-ға сатылып кеткен мектеп жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда айтты.

БАҚ өкілдері министрден «Депутат Алматы облысында мектеп 15 млн теңгеге сатылып кеткені туралы мәлімдеме жасады. Бұл жағдай қалай болған? Қазақстанда неліктен мектептер сатылып жатыр?» деп сұрады.

Мәселені қадағалауда ұстап отырмыз. Енді анықтаймыз. Бұған дейін сатылып кеткен дүниелер ғой. Оның себептерін анықтайтын боламыз, - деді министр.

«Бұл сатылып кеткен жалғыз мектеп пе? Себебі бірнеше мектеп сатылғаны жайлы айтылуда. Қалайша жөндеу жұмыстары жасалған мектепті сатып жіберуге болады?» деген сұраққа:

Қазіргі таңда бізде тіркеуде тұрған мектептердің барлығы тексеріліп жатыр. Мен ол туралы нақты ақпарат айта алмаймын. Бұл жағдайға байланысты біз республикадағы барлық мектепті тексеріп, ревизия жұмыстарын жүргізетін боламыз, - деп жауап берді Ғани Бейсембаев.

Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында 250 балаға арналған Ломоносов атындағы орта мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылып кеткені туралы мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға