Жаңалықтар

Министрлік Жаңаарқада қырылған малдарға қатысты түсініктеме берді

Министрлік Жаңаарқада қырылған малдарға қатысты түсініктеме берді
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі 03.03.2024 20:18 731

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ұлытау облысындағы малдардың жаппай қырылуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Мал шаруашылығы департаменті директорының м.а. Б.Аймұрзаев пен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік басқармасының басшысы М.Мұхтаров жылқылардың жаппай қырылу себебін тексеру үшін Ұлытау облысына бардыү 

Жаңаарқа ауданына барған делегация ауа-райының қолайсыздығынан, 2023 жылдың желтоқсаны мен 2024 жылдың ақпан айында қардың қалың түсуінен және температураның төмендеуінен және жайылымдарға мұз қатуына байланысты жылқылардың тебіндеуі қиынға соққанын анықтады.  Оны тайлар мен кәрі жылқылар көтере алмаған. Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасының дерегі бойынша қазіргі уақытта ауданда 84,3 мың бас жылқы тіркелген. 

Жаңаарқа кенті мен Қаражал қаласы арасындағы автомобиль жолының бойынан өлексесі табылған 23 бас жылқының сәйкестендіру нөмірі болмай шықты. Өлекселер мал қорымына жеткізілді. Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданында сәйкестендіру нөмірі жоқ тағы 44 бас жылқы табылды. Осылайша, жайлымда өлген 67 бас жылқының  иелерін де анықтау мүмкін болмады. Аудандық ветеринарлық станцияларға жылқылардың өліміне қатысты иелерінен әлі ресми түрде өтініш түспеген.

Айта кетейік, Ұлытау облысында 2000 бас және Жаңаарқа ауданында қолда бар мал басының жартысы өлді деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бүгінгі таңда ауылдық ветеринарлық дәрігерлердің, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторлардың қатысуымен өлген жылқыларды жинау және олардың өлекселерін жою жұмыстары жүргізілуде. Бұл жағдай АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысындағы аудандық аумақтық инспекцияларының қадағалауында болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға