Жаңалықтар

Министрлік таэквон-додан әлем чемпионатына қатысқан спортшыларға қатысты түсініктеме берді

Атап айтқанда, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің атына таэквон-додан (ITF) ұлттық құраманы қаржылай қолдауға қатысты сұрақтар келіп түсуде.
Министрлік таэквон-додан әлем чемпионатына қатысқан спортшыларға қатысты түсініктеме берді
Фото: olympic.kz 12.08.2022 01:36 858

Әлеуметтік желілерде спортшылардың Нидерландыда өткен таэквон-додан (ITF) әлем чемпионатына қатысқаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Мәдениет және спорт министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды EL.KZ.

Атап айтқанда, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің атына таэквон-додан (ITF) ұлттық құраманы қаржылай қолдауға қатысты сұрақтар келіп түсуде. Елімізде таэквон-до (ITF) дамуын қолдауға 2022 жылы 6 млн теңге қарастырылған. Бұл ақша 4 республикалық, 1 халықаралық спорттық іс-шара мен іс-сапарларды ұйымдастыруға жұмсалады деп жоспарлаған - делінген министрлік ақпаратында.

Алайда, осы жылдың сәуір айында таэквон-до (ITF) (ТҰСФ) бойынша ұлттық спорт федерациясы әдепке жат қылықтары үшін Халықаралық федерациядағы (International Taekwon-do Federation) мүшелігінен айырылды. Шілдеде ҚР ҰОК атқарушы комитеті халықаралық ұйымға мүшелікті растайтын сертификатты қайтарып алу туралы шешім қабылдады. 

Осыған байланысты Комитет төрағасының бұйрығымен ҰТК аккредиттеу туралы куәлік тамыз айының соңына дейін бір айға тоқтатылды. Бұл уақыт Федерация өкілдеріне ITF мүшелігін растайтын сертификатты қайтарып алуға себеп болған жайттарды жою үшін берілді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР МСМ тек аккредиттелген республикалық спорт федерацияларын ғана қаржыландыра алады. Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары міндетті түрде Халықаралық Олимпиада комитеті, Азияның Олимпиада кеңесі таныған халықаралық спорт ұйымының мүшесі болуға және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті тануға тиіс - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға