Министрлік су тасқынына байланысты жағдайдағы көрсетілетін көмек туралы айтты

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
29.03.2024 19:08
765
Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының аумақтарында Төтенше жағдайлар департаменттерінде ашылған «жедел желі» телефондарында ҚР ТЖМ психологтары тәулік бойы қызмет атқаруда. Телефондарға 452 қоңырау келіп түсті. ТЖМ психологтары денсаулық сақтау және білім беру психологтарымен бірлесіп эвакуациялық пункттерде зардап шеккен халыққа шұғыл психологиялық көмек және ақпараттық қолдау көрсетеді, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтау тұрғыны Маңғыстаудағы қоқиқаздарды көрсетті
Келесі жаңалық
Қорғаныс министрлігі үндеу жариялады