Жаңалықтар

Министрлік Қашаған мен Теңізден өндірілетін мұнайдың 1 баррелінің құны құпия екенін атады

Министрлік Қашаған мен Теңізден өндірілетін мұнайдың 1 баррелінің құны құпия екенін атады
Фото: NCOC 14.12.2023 19:52 2081

Қашаған мен Теңіз кен орнынан өндірілетін мұнай құны құпия мәлімет саналады. Бұл туралы Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлісу туралы келісім ережелеріне сәйкес, Қашаған кен орындарында өндірілетін мұнайдың 1 баррелінің құнына қатысты ақпарат құпия мәліметке жатады. Бұл ақпаратты ашу барлық тараптың жазбаша келісімімен ғана мүмкін болады. «Теңізшевройл» ЖШС-нің ішкі саясатына сәйкес те ақпарат құпия саналады, - деп атап өтті министрлік агенттіктің ресми сауалына орай.

Айта кетейік, өткен жылы ел бюджетіне Теңіз кен орнынан 2 трлн 841 млрд 762 млн, Қашағаннан 196 млрд 056 млн теңге салық түсті. Жалпы, соңғы 10 жылдың ішінде Tengizchevroil бюджетке 19 трлн 958 млрд 719 млн, NCOC 982 млрд 101 млн теңге салық аударған. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға