«Министрлік пен Қашаған коммерциялық таласқа байланысты келісе алмай жатыр». Жұмыс тоқтай ма?

Фото: mcc.kz
Фото: mcc.kz
27.10.2023 16:53
995
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев министрлік пен Қашаған консорциумы арасында талас тудыратын мәселелердің бар екенін растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік пен консорциум арасындағы талас – экологияға зиян келтірумен байланысты емес, коммерциялық келіспеушілік. Мердігерлердің өнімді бөлу және шығындар туралы келісімшарттағы міндеттемелерін орындауына қатысты дау туындады. Іс жүріп жатыр. Алдын ала нәтижелер белгілі болса, хабарлайтын боламыз, - деді министр.
Сондай-ақ ол Экология және табиғи ресурстар министрлігімен компания арасында өндіріс ошағындағы экологиялық ережелерді сақтамауға байланысты сот шешімі шыққанын да айтты.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жетісуда жол апатынан бір адам қайтыс болды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді