Министрлік өкілдері климаттың өзгеруі мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрінің БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілімен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьернианы қабылдады.
Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау, биоәртүрлілікті сақтау және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың ағымдағы басымдықтары талқыланды.
Сондай-ақ, ынтымақтастықтың болашақ салалары, атап айтқанда, Париж келісімінің көміртегі квоталары саудасының нарықтық тетіктері жөніндегі 6-бабын талқылау бойынша бірлескен жұмыс және мүдделі тараптардың қатысуымен 2023 жылғы 11-13 қазан аралығында қажетті консультациялар өткізу айқындалды.
Сонымен қатар, қар барысы популяциясын сақтау, тұран жолбарысын реинтродукциялау жобаларын іске асыруды және қаржыландыруды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.
