Министрлік биыл қанша сарбазды әскерге шақыратынын айтты

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
10.01.2024 09:00
928
Қорғаныс министрлігі "Әскери қызметке міндеттілерді 2024 жылға әскери дайындыққа шақыру туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылы әскери дайындықтан өтуге тиіс 3 000 адамды әскери дайындыққа шақыру, – делінген құжатта.
Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелген. Бұйрық жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылды.
Ал 2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1 500 қазақстандықты әскери дайындыққа шақырды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн суытады
Келесі жаңалық
ФИФА вице-президенті Шандор Чаньи ҚФФ кеңсесіне келді