Министрлік Бишімбаевтың неліктен сотқа кешігіп келгеніне түсінік берді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
02.05.2024 13:28
894
Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев экс-министр Қуандық Бишімбаев пен екінші сотталушы Бақытжан Байжановтың сотқа неліктен кешігіп келгенін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Техникалық мәселе болды. Көлік себеп болған. Ол оталмауы, бұзылуы немесе дөңгелегінің желі шығып кетуі мүмкін. Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Ол аяқталған соң бұл туралы тиісті ақпарат беріледі, - деп түсіндірді вице-министр.
Айта кетейік, 29 сәуір күні Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов сотқа кешіккендіктен, сот отырысы шегерілген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде тағы бір сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі