Министрлік ақылы жолдардан қанша қаржы түскенін айтты
Фото: kolesa.kz
Фото: kolesa.kz
24.11.2022 00:22
1273
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақылы жолдардан түскен табыстың көлемін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"1 қарашадағы жағдай бойынша ақылы жолдардан жиналған қаржының көлемі, шамамен, 25 миллиард теңгеге жетті. Осы ақшаның бір бөлігі алдымен жолдарды күтіп ұстауға жұмсалды. Сосын ақы төлеу жүйесін күтіп ұстауға кетеді", - деді автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.
Бүгінде ақылы жолдардың жалпы ұзындығы 2 200 шақырым.
Айта кетері, Қазақстанда 11 ақылы жол бар. Бір жыл бұрын 23 қарашада 4 жолақтан тұратын бірінші санаттағы республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесі ақылы болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Футболдан ӘЧ: Испания Коста-Рика қақпасына 7 гол соқты
Келесі жаңалық
Алматылықтар үшін тауық етінің бағасы тұрақты болады