Жаңалықтар

Министрлердің халықпен кездесуі мен нәтижелеріне баға беріледі - Дархан Қыдырәлі

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды
Министрлердің халықпен кездесуі мен нәтижелеріне баға беріледі - Дархан Қыдырәлі
Фото: Үкімет 31.01.2023 11:57 1302

Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі министрлердің халықпен кездесуіне қатысты бірнеше ұсыныс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сіздің 2022 жылдың 9 тамызындағы Үкімет отырысында берген тапсырмаларыңыз уақтылы орындалды. Мәселен, мемлекеттік органдардың ашықтығын бағалау әдістемесіне «Халықпен кездесу» атты жаңа индикатор енгізілді. Енді министрлердің халықпен кездесуі мен оның нәтижелерін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бағалайтын болады. Сондай-ақ, Жарлық талаптарына сәйкес, Үкімет қаулысымен (2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1135) Орталық атқарушы орган басшыларының халықпен 2023 жылға арналған кездесу кестесі бекітілді, - дегі Дархан Қыдырәлі.

Сонымен қатар министр былтырғы тәжірибені негізге ала отырып, халықпен кездесу жайында бірнеше ұсынысты ортаға салды.

Біріншіден, мәдениет үйлерінде және Орталық коммуникациялар қызметінің алаңдарында ғана халықпен кездесумен шектелмей, азаматтардың өтініштерінде көрсетілген проблемалық мекенжайларға барып, жағдайды көзбен көрген абзал деген ойдамыз. Екіншіден, министрлердің өңірлерге сапарын тек орталық атқарушы органдардың сайттарында ғана емес, жергілікті деңгейде, әсіресе өңірлік БАҚ-та және әлеуметтік желілердегі танымал парақшарларда жиі жариялауды қамтамасыз еткен жөн, - деді ол.

Айтуынша, Үкімет қаулысымен бекітілген Кесте министрлердің ғана халықпен кездесулерін реттейді.

Жарлық талаптарына сәйкес, министрлермен қатар, вице-министрлер мен ведомство төрағаларының да өңірлерге шығуы қажет деген ойдамыз. Сондықтан мемлекеттік органдар вице-министрлер мен комитет төрағаларының кездесулері жөніндегі ведомстволық жоспарларды бекітіп, министрлердің кездесулерімен қатар, АҚДМ-ге әрбір кездесу бойынша есеп бергені дұрыс деген ойдамыз, - деді Ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға