Жаңалықтар

Министр жекеменшік университеттердің артықшылығын атады

Саясат Нұрбек жекеменшік жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесті
Министр жекеменшік университеттердің артықшылығын атады
Фото: atameken.kz 29.01.2023 04:17 1204

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО қауымдастығының «Жекеменшік білім беру және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбында өткен жиынға қатысты, деп хабарлайды El.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесудің басты мақсаты – білім сапасын арттыру және жекеменшік жоғары оқу орындарындағы мәселелерді ортаға салып, шешімін табу.

Жиын барысында 60-қа жуық жеке жоғары оқу орындары басшылары өз университеттерінде жүргізіліп жатқан жұмыстары мен ұсыныстарын айтты.

Министр жоғары оқу орындарының білім сапасын арттыруда жүргізіліп жатқан жұмыстарға, ғылымды қаржыландыру мәселесіне тоқталып, жақында АҚШ-қа жұмыс сапары барысында келісілген Coursera әлемдік курстары туралы баяндады. Сондай-ақ, министр келешекте мемлекеттік және жекеменшік деп бөлмей, бір бағытта қолдау көрсетілетіндей жоба жасалынатынын жеткізді.

Жекеменшік университеттердің бір артықшылығы – шапшаңдық. Ол дегеніміз жекеменшік жоғары оқу орындарының тез арада өзгерістер енгізу, бағдарламаларды тапшылыққа сәйкес бейімдеп ұсыныстар енгізу мүмкінішілігі бар, - деді ведомство басшысы.

Сапар аясында министр Әуезов университетінің жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу жобаларымен танысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға