Жаңалықтар

Министр Түркістан облысындағы су қоймаларының жағдайымен танысты

Министр Түркістан облысындағы су қоймаларының жағдайымен танысты
Фото: gov.kz 23.10.2023 23:05 898

Түркістан облысына жұмыс сапарының екінші күні ҚР Су ресурстары және ирригация министрі тік дренажды ұңғымаларды басқару базасына және Жетісай топтық гидрожүйесінің ғимаратына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұржан Нұржігітов цехты аралап, сорғы құрылыстарындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Мақтаарал ауданында министр «Достық» магистральды каналының жұмысын бақылады. Аталған канал арқылы елімізге Өзбекстаннан су келеді. Атап айтқанда, ПК-73 магистральды каналында болды.

Келес ауданында министр Оймаут су торабының жағдайымен танысты. Мамандардың айтуынша, нысан апатты жағдайда және шұғыл жөндеуді қажет етеді. Нұржан Нұржігітов министрлік бұл мәселе бойынша жұмыс істейтінін айтты.

Сарыағаш қаласында министр жергілікті топтық гидрожүйені аралап көрді. Атап айтқанда, ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылындағы су сорғы станциясының жұмысын көрді.

Қазығұрт ауданында Үлкен Келес трансшекаралық магистральды каналының жағдайымен танысты. Сонымен қатар, жергілікті мамандар министрге Өгем өзенінде ГЭС каскады бар топтық су құбырын салу жобасын көрсетті.

Түркістан облысына жұмыс сапарының үшінші және соңғы күні «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына барды. Нұржан Нұржігітов мекеме басшылығымен, сала мамандарымен және ардагерлерімен кездесіп, ғимараттын аралап көрді. Атқарылған және жоспарланған жұмыс туралы баяндамаларды тыңдады.

«Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК «Оңтүстік» филиалында және «Қазсушар» РМК «Су метрология» филиалында да осындай кездесулер өтті.

Министрдің Түркістан облысына сапарының соңғы нүктесі жергілікті Гидрогеологиялық метрологиялық экспедиция ғимараты болды. Нұржан Нұржігітов ғалымдармен кездесіп, Ұлттық гидрогеологиялық қызметті қалпына келтіру жоспарын және Қазақстанда жер асты суларын пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.

«Министрлік еліміздің оңтүстік өңірлерінде су тапшылығы нмәселесін ерекше бақылауда ұстауда. Біз суды үнемдеуге және оны ақылға қонымды пайдалануға мүмкіндігінше тезірек бейімделуіміз керек. Сонымен бірге ауыз су мен суармалы суды үздіксіз беруді жүзеге асыру, инфрақұрылымның жай-күйін бақылау, басталған жобаларды уақытында аяқтау қажет. Жұмыс көп, сондықтан министрлікке де, жергілікті атқарушы органдарға да барынша күш салу қажет»,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға