Жаңалықтар

Министр тілшілерге иіссу таратты

Министр тілшілерге иіссу таратты
Фото: ©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ 23.01.2024 12:37 1167

Бұл туралы Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір Алматы қаласындағы Сәтбаев университетінде ашылған біздің 2 эксперименттік зертханамыз өз өнімдерін шығара бастады. Бұл – иіссу. Біздің отандық өнім. Өнімді жасап шығару үшін «Болашақ» бағдарламасының түлегі Гүлжан Түзелбаева Францияда парфюмерлік іс бойынша арнайы оқып келді. Сонымен қатар Ербол Сағатов - синтетикалық химия бойынша PhD докторы Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасымен оқыды, - деді министр.

Министр бұдан бөле, тұрмыстық химия заттарын шығаратын команда құрылып жатқанын атап өтті. Аталмыш иіссуді «Болашақ» түлектері ойлап тапқанын айта кетейік. Сонымен қатар, отандық ғалымның онкологияға төтеп бере алатын дәріні ойлап тапқанын жазған едік. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға