Жаңалықтар

Министр спорттағы діншілдікпен күрес қалай жүріп жатқанын айтты

Министр спорттағы діншілдікпен күрес қалай жүріп жатқанын айтты
Фото: PrimeMinister.kz/Видеодан алынған кадр 14.01.2025 14:00 476

Туризм және спорт министрі спорттағы діншілдік мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтегі баспасөз отырысында әріптестеріміздің бірі министрден: «Олимпиада мен әлем чемпионаттарында спортшылар жеңсе және жеңілсе, «Алланың қалауымен жеңдім» немесе «жеңілдім» деп жатады. Спортшылардың діншілдігіне қатысты көзқарасыңыз қандай және осыған байланысты қандай да бір жұмыстар атқарылып жатыр ма?» ­- деп сұрады.

Дін мәселесі бойынша бізде арнайы «Жол картасы» әзірленген, сол бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Бүгінгі таңда арнайы ұйымдардан мамандарды тартып, спортшылармен де жүйелі жұмыс атқарылуда. Әр федерация өз құрамасына жауапты. Жол картасы аясында дін мәселесіне қатысты да мәселе қаралады, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға