Жаңалықтар

Министр қазақстандық мұнай бағасына қатысты болжам жасады

Министр қазақстандық мұнай бағасына қатысты болжам жасады
Фото: ©Pixabay.com 30.10.2024 12:15 1322

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 2023 жылға қарай қазақстандық мұнай бағасы қандай болатынына болжам ждасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу мәселесі қаралып жатқан Мәжілісте Байбазаров 2023 жылға қарай мұнай өндірісі 105 миллион тонна көлемінде болады деп отыр.

Сөйте тұра орташа баға барреліне 75 доллар болады деп күтеміз. Алып қою көлемі де әсер етеді. Бұл көрсеткішке жету үшін 2026 жылдан бастап алып қою көлемін 5 миллиард долларға дейін төмендету қажет. Бұл екі негізгі фактор нәтижеге жетуге әсер етеді, - деді министр.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, базалық сценарийде де мұнай бағасы барреліне 75 доллар деңгейінде айқындалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға