Жаңалықтар

Министр Қарашөкеевтің отбасы палауды Қызылорданың күрішінен пісіреді

Министр Қарашөкеевтің отбасы палауды Қызылорданың күрішінен пісіреді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 25.05.2023 15:40 737

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бүгінгі Сенат отырысынан кейін тілшілерге отбасында қандай күрішті пайдаланатынын айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Өзім Қазақстанның күрішін ғана аламын. Ол күріштің сапасы өте жоғары. Шағылып қалған күріш бар емес пе? «сечка» деп жүрген оған сұраныс жоқ.Күріштің бұл түрін Ресей Федерациясы мен Беларусь алып кетеді. Ол жақта шарап жасайды, - деді Ербол Қарашөкеев.

Ал министрдің отбасы отандық күрішті тұтынады. Қызылордадан шығатын «Ақ маржан» секілді күріш түрлерінен Қарашөкеевтің отбасы палау пісіріп жейтін көрінеді.

Мен баратын супермаркетте Қызылорданың күріші болады, 10-15 түрі тізіліп тұр. Одан палау да дұрыс шығады, көже жасасаң да болады. Біздің үйдегі «хозяйкамыз» қазақстандық күрішті пайдаланады, - деді ол.

Министр сонымен қатар сортаңдаған жердің алаңы шамамен 800 мың гектарды құрағанын айтты. Республиканың барлық суармалы жерлерін мелиорациялық мониторингпен қамту мақсатында өткен жылы гидрогеологиялық-мелиорациялық қызметтің құрылымы оңтайландырылды деп отыр.

Сортаңданған жердің алаңы шамамен 798,4 мың гектарды құрады, оның ішінде қатты сортаңдану дәрежесінде 133,6 мың гектар. Мұндай жерлердің негізгі алаңдары Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Жетісу облыстарында орналасқан. Қазіргі кезде эрозияға байланысты 29,3 млн гектар іс жүзінде одан әрі пайдалануға жарамсыз. Бұл ретте, жыл сайын 5 миллион гектардан 7 млн гектарға дейінгі алаңда топырақтың сапалық сипаттамасын айқындау мақсатында ауыл шаруашылығы жерлеріне зерттеу жүргізіледі, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға