Министр нан бағасы неге қымбаттағанын түсіндірді
Фото: bugin.kz
Фото: bugin.kz
11.10.2022 13:43
1239
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда нан бағасының шарықтау себебін түсндірді, деп хабарлайды El.kz
Министрдің айтуынша, нан бағасына құрамдас бөліктердің, электр энергиясының, дизель отынының және коммуналдық қызметтердің қымбаттауы себеп болған.
«Қаңтар айынан бастап біз бағаны тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдап жатырмыз. Жалпы, үлкен серпіліс үшін ешқандай себеп жоқ, өйткені өткен жылмен салыстырғанда биыл ұн көбірек өндіріледі. Биыл бізде бидай көп», - деді Ербол Қарашөкеев.
Оның айтуынша, биыл АШМ тұрақтандыру қорына 1,1 млн тонна астық жинауды жоспарлап отыр, оның 900 мың тоннасы - бидай.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды