Министр: «Мұғалімдер мереке күндері полицейлермен бірге кезекшілік атқаруға міндетті емес»
Фото: instagram.com/gani.beisembayev
Фото: instagram.com/gani.beisembayev
03.02.2024 22:02
1882
Мұғалімдер мереке күндері тәртіп сақшыларымен бірге кезекшілік атқаруға міндетті емес. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ұлттық арнаның «Жедел желі» бағдарламасы кезінде осылай деді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бағдарлама барысында көптеген ұстаздар кешке оқушылардың қайда барып, не істеп жүргенін қадағалау үшін полицейлермен бірге рейдтерге жиі шығатынын айтып шағымданды.
Жалпы тиісті органдар бар, солар жауап беру керек. Мұғалім түгелімен дерлік баланың сапалы блім алуына жауапты болуы қажет. Осы мәселеге біз қатты көңіл бөліп отырмыз,-деді Ғани Бейсембаев.
Оқи отырыңыз:
- Елімізде балалар кітапханаларының жұмысы толығымен қайта қаралды – Ғани Бейсембаев
- Министр TikTok арқылы үздік танылған мұғалімдерді марапаттады
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға