Министр колледж студенттері үшін жатақхана тапшылығы қашан шешілетінін айтты

Фото: Ukimet
Фото: Ukimet
14.10.2024 13:07
509
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев колледждердегі жатақхана тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде жатақханаға мұқтаж студенттердің 87%-ы жатақханамен қамтамасыз етілген. 2027 жылға дейін тапшылықты түбегейлі шешу үшін 10 мың орынға арналған жатақханаларды пайдалануға беру көзделген, - деді министр.
Жалпы колледж студенттері үшін жатақхана тапшылығы 7197 орынды құрайды. Ең үлкен тапшылық Алматы және Астана қалаларында және Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында бар.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді