Министр – Ерекше балаларды оңалту орталықтарының саны артады
5 мыңға жуық баланы қамтитын 8 балаларды оңалту орталығы ашылды.
Фото: aigak.kz
Фото: aigak.kz
21.09.2022 11:22
2185
Биыл жылына 5 мыңға жуық баланы қамтитын 8 балаларды оңалту орталығы ашылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды El.kz.
«Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола және Ақтөбе облыстарында 5 мыңға жуық баланы қамтитын 8 балаларды оңалту орталығы ашылды. Сондай-ақ 3 жасқа дейінгі дамуында ауытқушылықтары бар және олардың туындау қаупі бар балаларға арналған 2 ерте араласу орталығы ашылды. Олар Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан және 2023 жылдың соңына дейін 10 мыңнан астам баланы қамтитын 13 орталық ашу жоспарланып отыр», - деді министр.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды