Жаңалықтар

Министр бірнеше рет қамауға алынған тілшіге қатысты пікір білдірді

Министр бірнеше рет қамауға алынған тілшіге қатысты пікір білдірді
Фото: ©El.kz/ Артем ЧУРСИНОВ 09.06.2023 18:11 973

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі журналист Думан Мұхамедкәрімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министр бірнеше рет қамауға алынған тілшінің заңды бұзғаны үшін айыпталғанын алға тартты.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол журналистік қызметі үшін емес, заңды бұзғанына байланысты айыпталып отыр.

Қазақстан – құқықтық мемлекет, заң алдында бәріміз бірдейміз. Сондықтан әріптестерімді заңды бұзбауға және оны құрметтеуге шақырамын, - деді министр.

Думан Мұхаметкәрім – журналист, YouTube-тегі «Не дейді» арнасының авторы, 2022 жылғы қаңтар оқиғаларын белсенді түрде жариялаған.

20 наурызда Думан Мұхаметкәрім Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеді. Өзгелерді қатарға қосылуға шақырған. Наурыздың 21-і күні оның 25 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.

15 сәуірде ол қамаудан босатылып, халықты тағы да митингке шақыратынын мәлімдеді.

2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға