Жаңалықтар

Министр Бейбіт Шүменовке қатысты оқиғаға түсініктеме берді

Министр Бейбіт Шүменовке қатысты оқиғаға түсініктеме берді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ / instagram.com/beibutshumenov 12.07.2023 14:52 971

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қолында баласын ұстап тұрған ер адамды ұрып-соққан танымал боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір біз жағдайды бақылап отырмыз. Спорт комитетіне тапсырма бердік. Олар осы мәселені егжей-тегжейлі зерттеп жатыр. Себебі әлеуметтік желіде әртүрлі ақпарат бар. Спорт комитеті анық-қанығын біліп алсын, сонан соң сіздерге бұл туралы толыққанды мәлімет беріледі, - деді министр.

Оқи отырыңыз:

Айта кетейік, Айта кетейік, атақты боксшы Бейбіт Шүменов кішкентай баласын көтеріп алған ер адамды соққыға жыққаны туралы жазған едік. Зардап шеккен тараптың адвокаты Қанат Тілеужан полиция мен прокуратураның істі жүргізуге келгенде құлықсыз екенін айтты. Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев Бейбіт Шүменовтің төбелесі туралы толығырақ айтып берді.

Боксшының өзі де оқиғаның мән-жайын баяндады. Былғары қолғап шеберінің сөзіне қарағанда, жұбайы екеуі тамаққа тапсырыс бергенде ұлы ойнауға кеткен. Біраз уақыттан кейін спортшының ұлы өзін біреу ұрып-соққанын айтып келген. Бір бала оны арқасынан ұрып, аяғынан сүйреген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға