Жаңалықтар

Мінәжат

Мінәжат
27.08.2014 03:32 5624

Атаның ұлы Ақмұрат менің əкем, оның өз аузынан естіген əңгімелердің бірі былай болған: «Күндердің бірінде мен ат-арбамен ауылға барып, үйге керекті азық-түлік алып, қайтып бара жатқанымда ауылнай мені көріп қалды да – «əй, балақай, сен не? Елдің бəрі ақ тер-көк тер болып үкіметке жұмыс істеп жатқанда өз шаруаларыңмен сайран құрып жүрсің, тез ат-арбаңмен темір жолға барып, олардың қажетін тасып бер»,– деп ақырды. Мен бала болсам да оған – «Аға, менің ықтиярым жоқ. Сіз бұл əңгімені əкеме айтыңыз»,– дедім де алға жүре бердім. Баламен алыспайын деген болар, ауылнай күңкілдеп артымда қала берді. Сонда «жарайды, мен барам, сосын көрерміз»,-деп ыңырсып қалды. Мен үйге жеткенде əкем шабындықтан қайтпаған екен. Мен болған жайтты Мақпал анама айттым. Анамның ата жұртта құдыққа құлаған түйені арқанмен тартып шығарып алды деген даңқын бала болсақ та естіген едік. Көпке ұзамай ауылнай да нөкерлерімен бірнеше атты болып, жетіп келді. Келе сала “Қайдасың, Рақбай?” деп ақырды. Анам алдынан шығып «саған не керек, əкеңнің құны қалғандай соншама неге ақырасың? Отағасы шаруадан келген жоқ, айтарың болса айтыңыз, мен тыңдап, отағасыға жеткізейін»,– дейді. Ауыл- най анамның тік мінезін жақтыра қоймаған болу керек, оның үстіне түрікмен əйелдері жуас, үндемес болып келеді, содан болар, «əй, сен не деп тұрсың, халіне қарамай сөйлегішін қарашы»,– дегені сол-ақ екен, қолындағы ұзынша келген дүресін дөңгелете бір айналдырып алды да жоғарыдан төмен шешемнің бойына бағыттай сермеді. Шешем қас-қағым сəтте бəрін алдын-ала сезіп, дайын тұрғандай дүренің жыландаған бойын сол қолын көтеріп, қолтығының астына орап алды да сол жаққа қарай бір қимылды асқан жылдамдықпен іске асырғанда, арғымағының ер-тоқымынан ажыраған ауылнай таудан құлағандай жоғарыдан төмен жерге қопарылып түсті. Бұдан соң ауылнай есалаңдау күйде намыс қамшысының күшімен, етқызуымен жерден тұрып, атына отыра сала: “Рақбайға айтыңыз, «мен əйелдермен алыспаймын, ертең таң сəріде қара ағаштың астында кездесеміз»,– деді де суыт келген ізімен кері қайтты. Кешкісін ата шабындықтан үйге оралғанда, болған оқиғалардың мəн-жайын анамның аузы- нан естіген соң ызаға булығып, күркенің босағасында ұдайы ілулі тұратын қысқаша келген қылышын қолына алып, қайраққа қайрай бастады. Ертең таң сəріде өздері білетін жалғыз ағаштың жанына онымен кездесіп, есеп айырысуға асық болды. Кейде күңкіл сөздерінің арасынан «сенің бала- шағама көрсеткен осы намыссыздығыңа басыңды кесіп алмасам, жаным рахат таппас» дегенін естіп қалатын едім. Түнді кірпік қақпай таңғы намазының дəретіне кірісіп, Аллаға құлшылыққа жайнамазға жайғасты. Таңғы самалдың тыныш лебінде дұға жасап, таңғы намаздың екі рекет сүннет, екі рекет парызын орындаған соң да Аллаға мінəжат жасады. Бойына бір тыныштық, мейір демі бойлағандай, жүзі нұрланды. Менің де жаным əкемнің тыныштық түйсігімен түйісіп жатқандай əкеме сеніммен қарап тұрдым. Мені сол жағына алып, сол қолын иығыма қойған анамның түрін көре алмадым, қалай да балалық па? Артық қимыл да жасай қойған жоқпын. Тек қана əкем адымдап жүріп, алдын-ала ер-тоқымы салулы, бағанада байлаулы атын жетектеп, алыстай бергенде анам қолын менің иығымнан алып, бір-екі қадам алға жылжып, ұзақ уақытқа көкжиекке көз салып тұрды. Мен əкемнің қашан атқа отырғанын да байқамай қалдым. Сол күннің сол бір сəті есіме түскенде өмір тауқыметі адам баласын Алланың жазмышына көндіреді екен деген ойға келемін. Анамның сол бір сəттегі жан күйзелісін, үміт пен өлімнің арасындағы арпалысын, жан сарайындағы болып кеткен дауылды, толқындаған сезімдерін еске алып, жаным удай күйеді. Сол бір ауыр қоштасуда анам өксігін ішке тартып, көз жасын маған көрсеткісі келмегенін кейін, өте кеш түсіндім, ал, шынтыуайтына келгенде, анам үрейден, көз жасын көлдей қылғанын ұқтым. Сосын анамды ерекше аяп та кеткенімде бір рет болса да көріп, құшағына еніп, балалық нəрімді бойына бергім келді. Бірақ, Алланың жазмышына көнесің. Үлкендер өмірге қатты налысаң, күпір болады деген өсиетті көңіліңе демеу етіп ұғындырғандықтан, сол сені сабырға шақырып тұрады.

Ислам Жеменей "Иран және иран қазақтары"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға