Миллиардтаған қаржыны ұрлаған “ӨКМ Операторының” басшылары сотталды

"ӨКМ Операторының" басшылары аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік органның мәліметінше, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ӨКМ-нің үш басшысы 2016 жылдан бастап экологияның бұрынғы вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың (бұрынғы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы) қолдауымен бірнеше рет аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағанын анықтады.
Сонымен қатар, Экология вице-министрі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, кабельдік өнімдерді өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелерін енгізген заңсыз бұйрыққа қол қойды.
Салдарынан 325 млн теңгеден астам залал келтірілген.
Оқи отырыңыз:
«Оператор РОП» директорының өліміне қатысты тың деректер айтылды
Осы кезеңде "ӨКМ Операторы" басшылары бұрынғы вице-министрдің көмегімен компанияның шотындағы 180 млрд теңгені ұрламақ болған. Айыпталушылар Қазақстан аумағында алты қоқыс өртейтін зауыт салу кезінде ұрлық жасауды жоспарлаған.
Сондай-ақ, екі басшының (біреуіне іздеу жарияланған) 920 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.
Светлана Коротенко мер Медет Құмарғалиев 7 жылға сотталды.
Ахметжан Пірімқұлов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Рустем Темірбек 2 жылға сотталды. Рақымшылыққа байланысты бұл мерзім екі есе қысқартылды.
