Жаңалықтар

Миландағы сән фестивалін жеңіп шыққан қазақ қызы - Ая Бапани

Ел атағын шет елдерде абыроймен қорғап жүрген қазақстандық жас дизайнер туралы білесіз бе?
12.02.2015 06:34 15903

Ая Бапани өзінің дизайнерлік жолын бастағанына ұзақ уақыт өтпесе де, оның аты тек Қазақстанда емес, шет елдерде танымал болуда. Киізден жасалған туындылары көптеген сәнқой қыздардың көңілдерінен шығып, сарапшылардың жоғары бағасын иеленуде.

Миландағы сән фестивалін жеңіп шыққан қазақ қызы - Ая Бапани

- Сіздің дизайнерлік мансабыңыз қанаш бастау алды?

- Тереңірек қарайтын болсақ, сәби кезінен деуге болады. Ата-анам суретшілер болғандықтан ес білген кезімнен киізден алуан түрлі нәрселер жасап бастадым. Олардың киізден әдемі суреттер, қабырғалық паннолар жасауға арналған шеберханалары болды. Ал мен болсам, әрдайым қастарында жүретін едім. Қыз болғандықтан жүннен сан алуан заттар жасауға дағдыландым. Солай киізден әшекей бұйымдар, көйлектер, бас киімдер тігіп бастадым. Осы кезден бастап бұл іспен кәсіби деңгейде айналасуды жаным қалайтыны түсініп, сурет колледжіне түстім, кейін дизайн Академиясында да оқыдым. Мінеки, барлығы осылай басталды.

Миландағы сән фестивалін жеңіп шыққан қазақ қызы - Ая Бапани

Миландағы сән фестивалін жеңіп шыққан қазақ қызы - Ая Бапани

Бұл жеке өзіңіздің шешіміңіз болды ма? Әлде ата-анаңыздың кәсібі әсер етті ме?

- Мүмкін солай да шығар. Алайда, олар менің дизайнер болуыма қарсы болған еді. Себебі бұл қаржы жағынан тәуекелді көп қажет ететін кәсіптің түрі. Және тұрақты жалақы жоқ деген секілді. Сондықтан ата-анам мені химия-биология пәндерін тереңдетіп оқытатын мектепке беріп, өскенде хирург боласын деп айтты. Мен бұл шешіммен келіспей, арманымның орындалғанын қаладым. Солай ата-анамнан дарыған қабілеттерімді қазір толыққанда қолданудамын.

Миландағы сән фестивалін жеңіп шыққан қазақ қызы - Ая Бапани

Топтамаңызды алғаш рет көрермен назарына қашан ұсындыңыз?

- Академияда оқып жүрген кездерімде кішігірім топтамалар жасап бастадым. Оларды әртүрлі фестивальдарда көрсетіп, тәжірибе жинадым. Мен қатысқан ең алғаш үлкен көрсетілім 2006 жылы Қызылорда қаласында «Қорқыт-Ата» фестивалінде өтті. Өнер саласының майталмандарының бастары қосылған шарада менің топтамама өте жақсы баға берілді. Болашақта атақты дизайнер боласың, ал коллекцияларыңды Миланда көріп, жұрттар: «Бұл қазақстандық Ая Бапанидің көйлектері» - деп танитын болады деп қанаттандырған еді. Сол кісілердің айтқаны келді-ау деймін. Себебі, сол жылы Мәскеудегі Сән Ассамблеясына қатысқан болатынмын. Бірінші орынды ұтып алып, көптеген ұсыныстар түсті. Тіпті Швейцарияда жұмыс істеуге шақырды. Бұл ұсынысқа келісіп, сол елде киіз өнімін өңдеу технологиясы бойынша шеберлік курстарын өткіздім. Отаныма оралған соң Тұңғыш Президент қорының арқасында  өзімнің тұңғыш ақ-қара топтамамды жасап шығардым.

 Миландағы сән фестивалін жеңіп шыққан қазақ қызы - Ая Бапани

Миландағы сән фестивалін жеңіп шыққан қазақ қызы - Ая Бапани

Миландағы сән фестивалін жеңіп шыққан қазақ қызы - Ая Бапани

Киізді толықтай өңдеу барысы қанша уақыт алады: мысалға, шикі өнімнен дайын көйлекке дейін?

- Барлығы да көйлектің дизайны, оюлардың күрделілігі мен сұлбасына байланысты. Мысалы, шағын бешпент жасау ұзын көйлек жасауға қарағанда едәуір аз уақыт алады. Толық барысы бір айға дейін созылуы мүмкін.

Миландағы сән фестивалін жеңіп шыққан қазақ қызы - Ая Бапани

Миландағы сән фестивалін жеңіп шыққан қазақ қызы - Ая Бапани

- Шет елдегі жетістіктеріңіз туралы әңгіме қозғайық. Миландағы Орыс Сәні Фестиваліндегі жүлдеңіз туралы айтасыз ба? Конкурсқа қатысушылар қатарына қалай іліктіңіз? Қатысу үшін қандай талаптар қойылды?

- Фестивальға ТМД елдері толықтай қатысты. Ал Қазақстаннан мен бір өзім ғана болдым. Маған фестивальді ұйымдастырушылардың өздері хабарласты. Олар менің өнеріме назар аударып, іріктеу айналымына қатысуымды сұрады. Ірітеу кезеңінен тек 13 қатысушы таңдалынған болатын. Солай  мен алтын медальға ие болдым.

Миландағы сән фестивалін жеңіп шыққан қазақ қызы - Ая Бапани

Миландағы сән фестивалін жеңіп шыққан қазақ қызы - Ая Бапани

- Болашақта қандай жоспарларыңыз бар? Өзіңіздің бастапқы стиліңізді берік ұстанасыз ба?

- Менің шығармашылығымның тұжырымдамасы – көшпенді халықтың рухы. Бұл кейіпте міндетті түрде еркіндік сезілу керек. Мен өз бағытымды таптым және оны өзгертпеймін. Керісінше оны әрі қарай дамытып, алға талпынамын. Бір топтамамды нәзік жібек матадан жасасам, келесі топтаманы рокерлік, готикалық нақышта шығара аламын. Бастысы, әр көйлек далалық нақышта тігілетін болады. Көріп отырғаныңыздай, дамуға сан түрлі бағыттар бар. Сүйікті ісіммен айналасып, еліміздің тарихын, әсем ерекшеліктерін әлемдік деңгейде көрсетуімді жалғастырғым келеді.

Миландағы сән фестивалін жеңіп шыққан қазақ қызы - Ая Бапани

 Миландағы сән фестивалін жеңіп шыққан қазақ қызы - Ая Бапани

 Әзірлеген: Айгүл ШЕРНИЯЗОВА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға